Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • ru
  • en
  • Березов мектеп балабақша кешенінде 2– 10 қыркүйек аралығында «Отбасы -  бақыт мекені» атты мектепшілік  апталық өткізілу туралы есебі.
    Березов мектеп-балабақша кешенінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің Жарлығымен бекітілген Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2016  жылдың 2 – 10 қыркүйек аралығында «Отбасы -  бақыт мекені» атты мектепішілік  апталық өткізілді.Апталық барысында өткізілген шаралар:
    Толығырақ айтып кететін болсам, аптаның бірінші күні салтанатты жиында тәрбие ісі жөніңдегі меңгерушісі И.Ж.Сугурбаева  мектеп оқушыларына және мұғалімдерге отбасы туралы қысқаша түсініктеме беріп, оларға жұмбақ түрінде тапсырма жасырып, бірге айқаламақтарды дауыстап айтып, одан кейін апталық жоспарымен таныстырып, жақсы көңіл-күймен апталықты ашты. 
    Сол күні барлық сыныптарда Отбасы күніне орай «Отбасы- бақыт мекені»  тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл сынып сағаттарда бала тәрбиесінде отбасының маңызды орын алатынын сондай-ақ,  отбасы бала өмірінің діңгегі екені айтылып барлық маңызды сұрақтар ортаға салынып талқыланды. Сынып сағаттар әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданып өте жоғары деңгейде өтті.
    Аптаның екінші күнінде, яғни 6 қыркүйек күні, мектеп психологтарының ұйымдастыруымен жыл сайынғы дәстүрге айналған 1 сынып ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді. Биыл аталмыш жиналыс жаңаша түрде «Жүректен жүрекке» деп аталып отбасылық қонақжай бөлмесінде қонақтарын қарсы алды. Бұнда жаңа әдіс-тәсілдер қолданды: сүрет салу, жапсыру,  мүсіндеу, интербелсеңді әдістер  «Зал ожиданий», «Автобус», «Свечечка», «Финансовый центр» т.б. Ата-аналар өздері балалардың орындарында болып көрді. Мектеп психологтар ата-аналарға көп кеңес айтты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.Қатысқан ата-ана саны- 23.
     
      

    7 қыркүйек күні дәл осындай мақсатта жиналыс 5 сынып ата-аналарына да арналды. Қонақжай бөлмесінде отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу- осынын барлығы жиналыста интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы ата-аналарға жеткізу болатын.Қатысқан ата-ана саны-13.
    1. аралығында әлеуметтік педагог С.В.Геймурдың ұйымдастыруымен 1-9 сыныптарға арналған экспресс-сауалнама жүргізілді. Сауалнама сұрақтары  «Бақытты отбасы –бұл...»тақырыпқа сай құрастырылды. Сауалнама қорытындысы бойынша барлық балалар өз жанұяларын бақытты деп санайды.Қатысқан оқушы саны- 60.
    Апталық барысында «Отбасыға арналған тілектер толы гүлзар далашығы» акциясы өтті.Науқанның мақсаты:балалар гүлдер арқылы өз отбасыларына, отбасының мүшелеріне сезімдерін, тілектерін білдірді.Өте әдемі далашық шықты.
    1. аралығында мектеп кітапханашы С.Н. Рыбинская «Бәрі де отбасынан басталады» кітап көрмесін дайындады, ал 05.09-10.09 аралығында мектеп тәлімгері Д.С.Сахипкереева «Бақыттымыз бірге!» атты  фотосурет көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар суреттерін ерекше көңіл-күймен алып келді, өте белсеңді қатысты. «Аққайын» балабақшасы да тыс қалған жоқ.Тәрбиешілер де фото көрме жасақтады.




    8 қыркүйекте тәрбие ісінің меңгерушісі И.Ж.Сугурбаева мен тәлімгер Д.С.Сахипкерееваның ұйымдастыруымен, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Т.Кабулов пен М.Ж.Уразгалиевтың көмегімен 2-4 сынып ата-аналары арасында «Спортландия.Әкем, анам және мен» отбасылық сайыс өткізілді. Жарысқа 4 команда қатысты. Олар- Аубакировтар, Коба, Сахипкереевтер және Рысқали отбасылары. Сайыс 7 ойын кезеңінен құрылып, әке, ана, және бала (команда мүшелері) сайыс барысында тапсырмаларды шеберлікпен орындады. Отбасылық "Спортландия"сайысы өте қызықты, тартымды өтті. Сайыстың мақсаты – ата-аналармен бірлесіп жігерлі, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу. Отбасылық сайыстың қорытындысы бойынша белсенді қатысқан және жеңімпаз жанұя мүшелеріне сый-сияпат табысталды. Іс-шараның әсері зор болды, барлығына ұнады.









    Аптаның бесінші жұлдызында, 9 қыркүйек күні, мектебімізде «Қара шаңырақ – барлығының бастауы» отбасылық мейрамөтті.Мейрам екі кезеңнен тұрды деп айтуға болады. Бірінші кезеңде И.Ж.Сугурбаева жаңа формат тәсілдері қолданып, ата-аналарды топқа,жұпқа бөліп, сұрақ-жауап, ойын, бейнеролик көрсету арқылы сөзге тартты. Екінші кезеңде балалар күшімен дайындалған мерекелік концерт ұйымдастырылды.Мектебіміздің бұлбұл дауыстары А. Асылбеков, А.Ахмет, А.Кабдоллин, ағайындар Сабыржан мен Бауыржан Шналиевтер, т.б. өз   әндерін шырқады. Қатысқан ата-ана саны-35.
    Апталық өз мәресіне жетті.
     

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки